
20 ҚАРАША КҮНІ САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫ БОСАТУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
Құрметті қазақстандықтар!
Насанжор Назарбаевтың Қазақстан халқына өшпенділікпен қарайтыны бәрімізге айқын. Халқымызды аздырып, жерімізді тоздырып, мемлекетімізден айыру — оның түпкі мақсаты.
Отыз жылда бұл жауыз шал талай азаматымыздың санасын улап, тек өз қара басы мен қарнын ойлайтын, елдің, мемлекеттің болашағына немқұрайлы қарайтын қауым қалыптастырды. Оларды іріктеп, аса арсыздарын мемлекеттік лауызымға қойып, депутаттыққа жалған сайлау арқылы тағайындады. Зиялы қауым жоғалып, қазақ елі өгей баланың тағдырын кешуде. Қара халықтың мұң-мұқтажын айтатын атақты адам жоқтың қасы.
Билікті сынағандарды қамап, көнбегендерін атып, бүкіл елдің жүрегіне үрей ұялатты. Саясат лас тірлік деп, алданып жүрумен келдік. Қазіргі қиыншылықтардың барлығы осы немқұрайлығымыздың кесірінен.
Дегенмен әлі де кеш емес. Назарбаев халықтың үнін өшіруге қанша тырысса да, ақиқатты айтып, әділетсіздікпен күресу жолына белсенділер шықты. Бұл ержүрек белсенділер халықтың кеудесіне үміт отын жағып, өзгерістерге сенімділік арттырды. Содан қорыққан Назарбаев өз жендеттерін белсенділерге айдақтап, қысым астына алды.
Бірнеше белсенділерімізді жалған айыппен қамады, жұмыстарынан айырды. Бұл саяси қысымдардың мақсаты — белсенділердің үнін өшіру екені анық байқалады.
Құрметті достар, өткен қателіктерімізді қайталамайық. Басты жауымыздың қыспағына түскен белсенділерге мен олардың жанұяларына барымызды аямай көмек көрсетейік!
Қаражат жинау Қайрат Қылышев жұбайының есепшотына жүргізіледі:
ZHANAR SARYKULOVA
KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881
ЖСН: 851018400698 (kaspi терминалдары үшін)
Егер сіз қаражатты жасырын(анонимді) түрде жібергіңіз келсе, Каспий терминалдарында карта иесінің ЖСН(ИИН) нөмірі арқылы жібере аласыз!
Жиналған қаражат саяси тұтқындардың жанұяларына, қорғаушылардың қызметтерін төлеуге жұмсалады.





