
ҰЯШЫҚТАРМЕН ІСТЕЛГЕН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮБІ — ЖЕҢІС/ЖЕМІС. ҰЯШЫҚ ҚҰРЫҢЫЗ!
Құрметті достар!
Бұл видеода Алматы қаласындағы ұяшықтардың арасындағы, бір команданың бүгінгі түні, көз ілмей атқарған жұмысы! Сіздердің әр жапсырған листовкаларыңыз, биліктегі жемқор режимді жеңуге алып келетінін ұмытпаңыздар. ТЕК АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!
Қазақстандағы келеңсіз жағдайларды жеңудің бірден-бір амалы — Назарбаев режимін өзгерту. Тек сол кезде ғана, біз, шынымен бай әрі демократиялық мықты мемлекет құра аламыз! Қазіргі кезде, Назарбаев пен оның айналасындағы жемқорларға, халықтың мұң-мұқтажын шешіп, елдегі кризисті бодырмау тым қолайсыз, тіпті — шамалары да, білімдері де жетпейді. Олардың көздегені тек тонау, ұрлау және билікті өз қолдарында атадан-балаға мұра ретінде қалдыру үшін, қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Осылай жалғаса беретін болса біздің еліміз осындай ауыр жағдайда әлі кем дегенде тағы 30-40 жыл, түбі тәуелсіздігімізді жоғалтуға әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті біз, сіздерді, Қазақстандағы қоғамдық өмірге атсалысып, жоғарыда айтылғандай жағдай орын алмас үшін, Назарбаевтың құрған жемқор жүйесімен күресуге шақырамыз!
ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?!
Тек ауыз-бірігіп, ұйымдасып күресудің арқасында ғана нәтижеге жете аламыз. Егер де сіз, өзгерісті қалайтын болсаңыз, өзіңіз бен жақындарыңыз, жанұяңыз жақсы елде тұрып дамығанын қаласаңыз, біздің қатарымызға қосылыңыз. Өзіңіздің сенімді, және өзгерісті қалайтын жақындарыңызбен ұяшық құрып ҚДТ штабына байланысқа шығыңыз!
Telegram:
@Shtabb_astana, @Shtabb_almaty, @Tleuliyev, @Nassipbekov
Немесе WhatsApp:
Елдос Нәсіпбеков +38 050 581 5606;
Заманбек Тілеулиев +38 099 665 7776.
АЛҒА #ҚАЗАҚСТАН








