

«Қоғамда жеке кәсіппен айналысу идеясын одан әрі насихаттай беру маңызды. Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады.
Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет. Қытайда бизнеске кедергі жасағандарға қылмыстық жаза қолданылады.
Бір сөзбен айтқанда, ресми мекемелер тарапынан ешқандай кедергі болмауы тиіс. Тек қана жәрдем беру керек. Ал, іс жүзінде, бізде тосқауылдар жиі кездеседі. Бұл тұста, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына үмітіміз зор», - дедi Қасым-Жомарт Тоқаев.