Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек туралы айтты."Көпбалалы аналарға, тұрмысы нашар адамдарға көмек жасалып жатыр. Ең төменгі жалақы жыл басынан 1,5 есе көбейтіледі. 1 сәуірден бастап көпбалалы аналарға, әр балаға, табысы төмендерге көмек беріліп жатыр" - деді Елбасы.
"Бала-шағасын асырау адамның өз басындағы міндеті. Бізді аналарымыз солай асырады. Біз де солай өскен адамбыз. Қазақстанға келіп, еңбегі сіңбей жатып, бізді асыраңдар, пенсия беріңдер дегенді естіп жүрмін. Оның бәрі дұрыс емес. Бірақ мемлекеттің жағдайы жақсы. Өзінің болашаққа резерві бар: индустриялық, ауыл шаруашылығы салалары, барлық жағынан. Қазақстан бойынша жолдар салынуда. Әр ауылға газ келіп жатыр. Басқа да керек жағдай бар. Тек жұмыс істеп, жастарға оқып, білім алу керек. Сонда ғана жанұясын бағатын болады, өзіне жақсылық істейтін болады" деп сөзін түйіндеді.
@atamekenbusiness