Әлемдегі құлдардың саны - 40 млн. 300 мың адам екен. 167 мемлекетке арнайы зерттеу жүргізген «Уолк фри» компаниясы осындай дерек жариялады. Тізім заманауи құлдықтың барлық түрлерін қамтыған. Оның ішінде мәжбүрлі түрде тұрмыс құру, жыныстық зорлық-зомбылық, тіпті жасы кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа тарту да қамтылған. Олардың дені, яғни 71 пайызы – қыз келіншектер. 40 миллионнан астам әйел көңілі қаламайтын адаммен некелесіп, қорғансыздың күнін көріп жүргенін айтып шағымданған. Осы рейтингте Қазақстан 83-ші орында тұр. Біздің елдегі құлдардың саны – 75 мың. Ал әлем бойынша көш бастап тұрғаны – Солтүстік Корея. Онда халықтың 10 пайызы саяси элитаның қысымын көруде. Алғашқы ондықта Африка елдері және Пәкістан, Камбоджа, Иран сияқты мемлекеттер бар.