Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы заң қабылданған күн.
Палата құрылғалы бері:
👍 Бизнесті қорғау бойынша 23 мыңнан аса өтінім қаралып, нәтижесінде кәсіпкерлерге 111 млрд теңге кері қайтарылған.
👍 Экономикалық қылмыстық істердің саны 5 есеге төмендеді.
Дауларды сотқа дейін реттеу механизмі енгізілді.
👍 Салық және кеден тексерулеріне қатысты 157 шағым қаралып, шамамен 40 пайызы бизнестің пайдасына шешілді.
👍 22 мыңнан аса нормативті құқықтық актінің жобасына сараптама жасалды. Оның ішінде 434-тен астам заң жобасы қаралды.
👍 Үкіметпен бірлесіп 800 рұқсатты қысқартуға қол жеткізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлер жыл сайын 1,5 млрд теңге үнемдеп келеді.
👍 Бастау жобасы бойынша 15 мың адам оқытылып, оның 3 мыңы өз кәсібін ашты.