
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі - Арнайы күштер басқармасының басшысының орынбасары, Мұқтар Аюпов қызметінен босатылды - деп, Ақордаға сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Ол Назарбаевты, Тоқаевты, Масимовты жəне Назарбаевтың туысы Самат Əбішевті тұтқындауға əрекеттенді деп күдіктенуде.
Өткен аптада мен, ҚДТ атынан Назарбаев пен оның сыбайластарын тұтқындағаны үшін 1 миллион АҚШ доллары мен 200 шаршы метрлік пәтерді құрайтын сыйақы берілетіні тұралы жариялаған болатынмын. Бұл мәлімдеме Назарбаевтың айналасындағыларының арасында үлкен толқу тудырғаны соншалықты, ҰҚК Назарбаев пен Тоқаевтың күзетшілеріне қатысты бақылауды күшейткені өздеріңізге мәлім.
Бірқатар аға офицерлер моншаға жиылып, Назарбаев пен оның сыбайластарын тұтқындау үшін тағайындалған сыйақының көлемін талқыға алғандары мәлім болды.
Шын мәнінде Аюпов тұтқындауға қатысты ешқандай жоспар құруды көздемеген, жай ғана осы ұсыныстың көңілге қонымды екенін əзілдеп айтқан көрінеді. Қасында болған генерал, полковниктер бұл əзілін ары қарай жаңғырта кеткен көрінеді....
Осыған қатысты Қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне берер кеңесім, Назарбаевты жəне оның сыбайластарын тұтқындау операциясын сəтті жүзеге асыру үшін, мұндай мәселелерді өз бөлімшелеріңіздің жабық кеңселерінде, əсіресе монша сияқты орындарда талқыламаған жөн. Əдетте мұндай орындарға ҰҚК жасырын тыңдау құрылғылары мен бейнекамералар орнатып қояды.
САҚ БОЛЫҢЫЗДАР ЖƏНЕ ТЕРЕҢ ОЙЛАНЫП ƏРЕКЕТ ЕТІҢІЗДЕР!
@TV_1612






