24 маусым күні Арыстағы әскери бөлімде жойқын жарылыстар болды.
⠀
Бұл суреттерде қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа дейінгі және кейінгі қаланың көрінісі салыстырмалы түрде берілген.
⠀
Қорғаныс саласының мамандары қала көшелерінен 5700-ден астам жарылғыш заттар жинады.
⠀
Қала 28 маусым күні сағат 8-де ашылады.
Тұрғындар үшін арнайы автобустар сағат 6-дан бастап қатынайды.
⠀
Қала 17 секторға бөлініп жөнделмек.
Әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді.
⠀
Ал Түркістан облысының әкімі Арыстағы қару-жарақ қоймасы түгел жойылатынын мәлімдеді.
@inbusinesskz