БҮГІН ҚАЗАҚСТАН ОППОЗИЦИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН СЕРКЕСІ - МҰХТАР ӘБІЛӘЗОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ!
Мұхтар, айналайын, сен 20 жыл бойы Жоңғардың, Қараорданың саған және сенің отбасыңа жасаған адамгершіліктен жұрдай неше түрлі жауыздықтары мен қастандықтарына төтеп беріп, Назарбаев диктатурасымен сирек кездесетін табандылықпен, қайсарлықпен және жанкештілікпен күресіп, халықтың саяси сауатын ашу, күрескерлік рухын көтеру бағытында қыруар жұмыс атқарып келесің!
Ал, Ұрысұлтан ел ішіндегі бүкіл жүйелі оппозицияны "экстремистік ұйымдар" ретінде жойып жібергендіктен, сен шетелде қайтадан тірілтуге мәжбүр болған ҚДТ қазір бүкіл Қазақстан халқының атынан іс-әрекет ететін және халықаралық деңгейде танымал біздің бірден-бір оппозициялық пәрменді қозғалысымызға айналып, көп ұзамай өзінің "іштегі" сенімді серігі - "Көше партиясының" дүниеге келуіне себеп болды.
Міне, өзіңнің тікелей бастамаңмен мүмкін болған осынау нақты іс-әрекеттер Қазақстан қоғамының халыққа қарсы басқыншы, тонаушы және заңсыз Назарбаев режимімен күрес жолында шыңдалып, ілгерілеп, дамуына зор әсер етті.
Ал бұл, өз кезегінде, біздің бүгінгі таңда алға қойған басты мақсатымыз - елімізді Жоңғар шапқыншылығынан құтқарып, Қазақстанды алдыңғы қатарлы демократиялық құндылықтарға негізделген ПАРЛАМЕНТТІК РЕСПУБЛИКА деңгейіне көтеру мақсатына жақындата түскеніне еш күмән жоқ.
Демек, Құдай қаласа, Жеңіс күні де алыс емес.
Туған күнің құтты болсын, Мұхтар! Ата-анаңмен, отбасыңмен, басқа да туған-туыстарыңмен, достарыңмен, барша халқымызбен бірге алға қойған арман-мақсаттарыңа жетіп, Бақытты бол! Әумин! Саясаткер Жасарал Қуанышалин