Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан атамыз Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына жазған хатынан үзінді...
«Шырағым Ахмет! Шырағым Міржақып! Сендер қайта-қайта абақтыға түсе бересіңдер. Оған налымаңдар. Атам заманнан, Прометейден бергі уақытта ел үшін күрескен азаматтардың көргені - абақтының есігі. Баяғыда доңыз бен аққу дос болыпты. Доңыз сонда аққуға: «Ей аққу, сен айтшы, күн бар дейсің, сол күнді мен неге көрмеймін» депті. Сонда аққу: «Әй доңыз, сені Алла төмен қаратып жаратқан. Сондықтан, сен күнді көре алмайсың» депті. Шырағым Ахмет! Міржақып! Болашаққа күнді көре алатын ұрпақ керек. Сол ұрпақ сендердің аттарыңды атап, құрмет көрсетіп жатса, бақытты емессіңдер ме!?» деген екен.
°°°°°°°°°°°°°°⠀
Сол ұрпақ бізбіз ағайын. Мүддемізді таптатпай құқығымыз үшін күресейік...