A
Ойын республикалық деңгейде өтеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде бір мезгілде жүздеген мың адам ойнаса, Гиннес рекордтар кітабына енуіміз ықтимал. Халықаралық сарапшылар баға беріп, Əлемдік арналар жаңалықтарына ілігеміз. Сондықтан көп адам жиналған жөн. Тіпті адам саны көп болған сайын ойын қыза түсіп, қызықты өтпек.
Отауға түскендерді жұмыстан босатып, оларға 5-10-15 күндік жолдама, яғни демалыс беріледі немесе 5-10 АЕК көлемінде жарна төлетуі мүмкін. Ойын жазасын алдын ала болжап білу мүмкін емес. Ол ойын ішіндегі лотерея ұтыс ойыны іспеттес.
Бұл жаңа замануи көкпар. Атқа мінбей тартысамыз, себебі ат көбінде жоқ. Бірақ жеңілгендердің кейбіріне несиеге екі сиыр алу мүмкіндігі ұсынылады.
Ұялы телефонға түсіріп бейтарап қалуға болмайды. Нағыз рақат - ойынға белсене араласу. Айтпақшы, Малыбаевтың өзі ойынға міндетті түрде қатысуға ниет білдіріп отыр. Ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де қатысады. Олар қай жақ ойыншылары жеңсе, соларға қосылмақ ойлары бар.
Ұмытып барады екенмін, осы жолы Ұлттық келісімінің бір өкілі мен тұңғыш ғарышкер Тоқтар Əубəкіров алаңға жақын маңда ағаш егуге шақырып алуы мүмкін. Білуімше, ол соншалықты қызықты емес. Оны əлемдік арналардан көрсетпейді. Тек 'Хабар' көрсетеді.
Не керек, нағыз қызық алаңда болғалы тұр. Көргендер де арманда, көрмегендер де арманда! Ойынға бір рет қатысып көрген адам, ойнай бергісі келеді. Сондай тартымды! Керемет əсер аласыз! Өмірге деген құлшынысыңыз артады. Көп адамдармен танысасыз! Көп жылғы күйзелістен құтыласыз! Еңсеңіз тіктеледі. Даусыңыз зораяды. Көзіңіз ашылады. Білек күшіңіз бен жүгіру жылдамдығыңыз артады. Айтып айтпай не керек: жағымды əсері көп. Жаңа замануи Ұлттық дода көкпарға қатысқың келе ме? Кіру тегін. Адам саны шектелмейді. Таңдау өзіңде!
Жазған Жанар Аманғалиева

